{metadescription}
ФОТО: 12 жасар туған жиенін зорлап, өлтіріп, қамыстың арасына тастап кеткен

ФОТО: 12 жасар туған жиенін зорлап, өлтіріп, қамыстың арасына тастап кеткен

Ресейдің Ставрополь өлкесінде ағасы 12 жасар туған жиенін зорлап, өлтіріп, қамыстың арасына тастап кеткен.

Сот үкімімен енді ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Ставрополь өлкесінің тұрғыны Александр Немчук "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекет", "Адам өлтіру" баптары бойынша кінәлі деп танылды. Өлкелік тергеу комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Александр Немчук туған жиенін зорлап, сосын өлтіріп, денесін қамыстың арасына тастап кеткен.

Былтырғы жылдың 19 ақпанында аталмыш өлкенің Киров ауданының тұрғыны өзінің 12 жасар ұлының жоғалып кеткенін хабарлаған. Тергеушілердің мәліментінше, баланы соңғы рет тірідей ның ағасы көріпті. Кейін құқыққорғау органының қызметкерлері баланың анасының ағасы сол күні қатты мас болғандығын анықтады. Ол жиенін ауылдың сыртына, ешкім жоқ жерге апарып, білгенін істеп, қылқындырып өлтіріп тастаған. Сосын ешкім көрмесін деп денесін қалың қамысқа тығып кеткен. 

Сот Немчукті 25 жыл бас бостандығынан айырып, қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеуге кесті. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде