{metadescription}
Бойжеткен он минутта миллионер атанды

Бойжеткен он минутта миллионер атанды

Массачусетс штаты, Бостон қаласының тұрғыны күтпеген жерден он миллион долларға ие болған.

Алайда ол байлығынан он минутта айырылып қалды. Бұл туралы Boston Globe басылымы хабарлады.

Американдық 26 жастағы Эллен Флеминг 18 шілдеде TD Ameritrade компаниясынан өзінің шотына ақша түскені туралы дыбыстық хабарлама алған.

Шотын тексергенде миллион доллардан астам ақшаны көрген бойжеткен бастапқыда ақшаны жасырып қалуды ойлаған. Себебі бұл ақшамен ол барлық қарызынан құтылып, оқуының ақшасын төлеп алар еді.

Бірақ анасымен ақылдасқаннан кейін компанияға қоңырау соғып, хабар берген. Компания дереу ақшаның қайдан түскенін анықтап, он минутта кері қайтарып алған.

Аталған қаражат бойжеткенмен аттас басқа адамға арналған екені анықталды.

Кеше

07 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.