{metadescription}
Жоғалған екі баланың ата-анасы іздестірілуде

Жоғалған екі баланың ата-анасы іздестірілуде

Петропавл қаласында полицейлер екі кішкентай баланың ата-анасын іздестіруде.

 Алдымен жоғалған балалар туралы әлеуметтік желіде жазылды. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде бұл ақпаратты растады. Олардың мәліметінше, сағат 16.00 шамасында 102 пультіне Зарченый кентіндегі үйлердің бірінің кіреберісінде екі кішкентай бала отырғандығы жөнінде ақпарат түскен.

«Жақын маңда болған автопатруль хабарламаны тексеріп, балалардың үлкендерсіз жүргенін анықтады. Ата-аналарының орналасқан жерін анықтау бойынша шаралар жүргізілуде», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ювеналды полицейлер балаларды облыстық балалар ауруханасына жеткізді.  

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде