{metadescription}
Полиция қызметкерінің әйелі мен ұлын көлік қағып өлтірді

Полиция қызметкерінің әйелі мен ұлын көлік қағып өлтірді

Украинаның Черкасc қаласында полиция қызметкерінің әйелі мен ұлын көлік қағып өлтірді.

Белгілі болғаны, жол апатын жасаған көлік бұрындары да апат жасап, оқиға болған жерден қашып іздеуде жүрген.

Жаяу жүргіншілер жолында полиция қызметкерінің әйелі мен алты жасар ұлын көлік қағып кетті, деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметі.

— Черкасc облысы Ұлттық полиция бас басқармасының ұжымы әріптесіне кішкентай ұлы мен әйелінің қайтыс болғанына байланысты көңіл айтады, — деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Украинские новости" хабарлағандай, 24 шілдеде кешқұрым уақытта Черновол және Чайковский көшелерінің қиылысында BMW көлігі Fiat-пен соқтығысып, екінші көлік жол шетіне ұшып кетіп, жаяу жүргіншілер жолында келе жатқан адамдарды оққан. Әйел мен бала оқиға болған жерде тіл тартпай кетті. 

Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде