{metadescription}
ВИДЕО: Туғанына 9 апта болған нәресте тілі шығып сөйлей бастады

ВИДЕО: Туғанына 9 апта болған нәресте тілі шығып сөйлей бастады

Американың Ньюкасл қаласында дүниеге келген сәби тоғызыншы аптада тілі шығып сөйлей бастады.

Оның анасы бұл кереметті таныстарына айтып еді, бірақ ешкім сенген жоқ. Содан кейін анасы баласын бейнежазбаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге салды.

29 жастағы ньюкаслдық америкалық әйел Сара Маршалл жақында Томми-Фрэнк есімді ұл баланы дүниеге әкелген. Томми тоғыз аптасында тілі шықып бір сөз емес, сөйлем құрастырып сөйлей бастады, деп хабарлайды The Sun.

Сәби өзінің әпкесінің аузынан шыққан сөйлемдерін қайталап айтып береді. Анасы Сараның пікірінше, ұлы нағыз данышпан болайын деп тұр. 

"Бұл ғажайып оқиға әлемдік рекордтар кітабына ресми түрде енгізіледі деп сенемін. Ұлымның болашағы жарқын болады деген үмітім бар"

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде