Жириновский қызық ұсыныс жасады
Либералды-демократиялық Ресей партиясының жетекшісі Владимир Жириновский қызық мәлімдеме жасады.
14:20 26.07.2018
"Орыстар мен ресейліктер деген түсінік. Осы мәселені қашан ретке келтіреміз? Біз орыспыз деп айтуымыз керек. Өзін орыс деп атағысы келетіндердің барлығы! Ол жақсы естілуі керек. Ал ресейліктер деген - түсініксіз", – деп Жириновскийдің айтқанын АГН "Москва" хабарлайды.
Жириновский ресейліктерді француздармен салыстырып, екеуінің атауына салыстырмалық сараптама жүргізді.
"Француздар өзін "франциліктер" деп атамайды ғой". Француз тілі – "ля франсе", француз – "франсе". Бәрі бір сөз. Тек бізде ғана - орыстар, сосын ресейліктер бар. Бұны қалай ойлап тапқан?" – деді Жириновский.
Бәлкім, Жириновский Ресейде басқа ұлттардың да тұрып жатқанынан бейхабар болар?...
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!