{metadescription}
Шымкентте 9-сынып оқушысы пойыз астына түсіп мерт болды

Шымкентте 9-сынып оқушысы пойыз астына түсіп мерт болды

Шымкентте темір жолдың өтуге рұқсат етілмеген бөлігінен кесіп өтпек болған жасөспірім пойыз астына түсіп мерт болды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 17 шілдеде Манкент стансасында орын алған.

Куәгерлердің сөзінше, жасөспірім тоқтап тұрған пойыздың астынан өту үшін еңкейген. Осы кезде екінші жолда келе жатқан пойыздың астына түсіп қалыпты. Салдарынан 9-сынып оқушысы оқиға орнында көз жұмды.

Өз кезегінде темір жол қызметкерлері қайғылы жағдайлар көрсеткішіне алаңдап отыр. Мамандар өлім жағдайының алдын алу үшін, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйғарған.

Алайда тұрғындардың пікірінше, темір жол маңына қоршау қойылмайынша, бұл мәселені шешу мүмкін емес. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.