{metadescription}
Денис Теннің өлімі: Алматылық бойжеткен 2 айға қамауға алынды

Денис Теннің өлімі: Алматылық бойжеткен 2 айға қамауға алынды

Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адам - Жанар Толыбаева 2 айға қамауға алынды.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Бұған дейін ҚР Бас прокуратурасы спортшы Денис Теннің өліміне қатысты үшінші адамның ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. 

«Алмалы аудандық сотына Жанар Толыбаеваны екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялауға өтініш түсті.  Әйел адам ҚР ҚК 434-бабы мен 188-бабының 2-бөлімімен 2 айға қамауға алынды», - деді қалалық соттан.

ҚР ҚК 434-бабы бойынша, болған немесе жоспарланған қылмыс туралы ақпаратты уақтылы хабарламағані үшін күдікті 14 млн 400 мың теңге айыппұл төлеуі немесе 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ, бойжеткен күдікті ҚР ҚК 188-бабы ұрлық жасағаны үшін айыпталуда. Егер оның аталған бап бойынша кінәсі дәлелденген жағдайда, ол 1000 АЕК, яғни 2 млн 405 мың айыппұл төлеп немесе 3 жылға дейін сотталады.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде