{metadescription}
ФОТО: Араққа сылқия тойып алған дәрігер босанған әйелді о дүниеге аттандырды

ФОТО: Араққа сылқия тойып алған дәрігер босанған әйелді о дүниеге аттандырды

Бельгияда араққа сылқия тойып алған анестезиолог-дәрігер босанған әйелді о дүниеге аттандырды.

Кесар тілігін жасатқан 28 жастағы Синтия Хоук жарық дүниеге келген баласын көре алмай жан тапсырды. Оның өліміне кінәлі анестезиолог Хельга Уотерс — ота кезінде алкольді ішімдік ішіп, пациентіне дұрыс интубация жасай алмаған, - деп жазады Daily Mail.

Анестезиолог Хельга Уотерске пациентін қастандықпен өлтірмеген айыбы тағылды. Ол көп жыл бойы маскүнемдік дертінен зардап шегіп келген және ота кезінде де бұл әдетін тастай алмаған. Оның әріптестері Хельга науқасқа наркоз жасап, палатадан шығып кетіп, сосын мас күйде оралғанын айтады. Мас болғанын көре тұра, оны пациентті емдеуге жол берген. Бір сәтте Синтияға интубация қажет болған, сонда анестезиолог түтікті оның өңешіне тығып алған. Соның салдарынан науқасқа оттегі жетіспей, жас босанған әйел жүрегі ұстап комаға түсіп, төрт күннен соң қайтыс болды. 

Тергеу анықтағандай, ота жасаған күні Хельганың ішкен алкоголі төрт шөлмек шарапқа сай болған. Пациентіне дұрыс көмек жасай алмағанына да сол себеп. Енді ол науқасты қастандықпен өлтірмеді деген айыппен бес жылын түрмеде өткізеді.

ФОТО: Daily Mail

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде