{metadescription}
ВИДЕО: Жүріп бара жатқан көліктің артқы есігінен бес жасар қыз ұшып түсті

ВИДЕО: Жүріп бара жатқан көліктің артқы есігінен бес жасар қыз ұшып түсті

Ресей қалаларының бірінде сырт  көшеде жүріп бара жатқан көліктің артқы есігі ашылып кетіп, бес жасар бүлдіршін қыз жерге ұшып түсті. 

Жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, кенеттен бұрылып қалғанда, көліктің артқы есігі ашылып кетті.

Бұл оқиға көшеде тұрған бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Жол ережесін бұзған және баланың қауіпсіздігін сақтамаған көлік жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Оның айтуынша, құлап қалған бүлдіршін - оның бес жасар қызы. Ол балаларға арналған орындықта отырған, қалай шешіліп кеткені белгісіз. 

ВАЗ-2109 жүргізушісі қарсы жолақтан өтіп, күрт бұрылыс жасайды. Сол кезде көліктің артқы есігі ашылып кетіп, бүлдіршін қыз салоннан тысқа қарай ұшып түседі. Қорқып қалған бүлдіршін дін аман. Ол жерден атып тұрып, көліктің артынан жүгіре жөнелді. Қалдырып кете ме деп қорықса керек...

Әкесінің жүгіріп жеткенін көрген қыз көз жасына ерік берді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде