{metadescription}
Жолаушылар автобусы аударылып, 20 адам зардап шекті

Жолаушылар автобусы аударылып, 20 адам зардап шекті

Мәскеу маңында Домодедово ауданында автобус аударылып қалды.

Көлікте 29 жолаушы болған.

«А-107 трассасында жолаушылар автобусы аударылып қалды. Көлікте 27 жолаушы мен екі жүргізуші болған»,-деді ақпарат берген азамат.

Осы оқиғаға байланысты түксен соңғы мәліметтерге қарағанда, оқиғаның салдарынан зардап шеккендер саны 20 адамға жетті. Олардың біреуі бала.

13 адам осы кезде Домодедово ауруханасында жатыр. Тағы 7 адам Подольскінің жарақаттар бөліміне жеткізіледі. Зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетілуде. Автобустың аударылуына жүргізушінің қателігі себеп болған. Ол жолда келе жатып, көлікті басқара алмай қалған. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде