{metadescription}
Қазақстандық боксшы NABF белбеуін иеленді

Қазақстандық боксшы NABF белбеуін иеленді

Қазақстандық боксшы Али Балоев (5-0, 4 КО) кәсіби рингтегі алтыншы жекпе-жегін өткізді.

Ол бірінші ауыр салмақтағы сегіз раундтық айқаста америкалық боксшы Ричард Уркисомен (3-4-2, 1 КО) бақ таластырды.

Жекпе-жек Остиндағы (АҚШ, Техас штаты) Austin Sports Center ойын-сауық кешенінде өтті. Бұл кездесуде Балоев  жеңіске жетіп, өз дивизионында бос тұрған NABF «жасөспірімдер» белбеуін иеленді.

Бұл Алидің кәсіби бокстағы алтыншы жеңісі, ал оның қарсыласы бесінші рет жеңіліс тапты. Балоев мұның алдында 3 апта бұрын, 7 шілдеде Астанада әзербайжандық Казим Умудовты (2-1, 1 КО) бірінші раундта нокаутқа жіберген еді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.