{metadescription}
Қарағандыда сарбаздың қолында граната жарылды

Қарағандыда сарбаздың қолында граната жарылды

Қарағанды облысында Ұлттық ұлан сарбазының қолында граната жарылып кетті.

Зардап шеккен адам қазір облыстық маедициналық орталықтың жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл ақпаратты облыстық денсаулақ сақтау басқармасы да растады.

«Сарбаз облыстық медициналық орталықта жатыр. Оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Есін біледі, қойылған сұрақтарға да жауап береді. Граната оның қолында жарылды. Өкінішке орай оң қолының алақаны жұлынып кеткен»,-деп хабарлады.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, осы кезде сарбазға барлық қажетті медициналық көмектер көрсетіліп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде