{metadescription}
«Канело» Головкинді жеңуге уәде етті

«Канело» Головкинді жеңуге уәде етті

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес 15 қыркүйекте қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкинді жеңіп, ақпанда допинг сынамасы нәтижесінен кейінгі өз абыройы туралы барлық күдікті сейілтетінін мәлім етті.

Боксшылардың жекпе-жегі 5 мамырды өтуі тиіс еді, алайда Альварес Невада штаты Атлетика комиссиясының шешімімен алты айға спорттан шеттетілді.

«Комиссия не болғанын білді. Олар мұның әдейі істелмегеніне сенімді, сондықтан маған қысқа жаза берді. Олар бәрін білді. Мен Мексикада жүргенде кез келген дүкенге кіріп, тако жей беремін. Кез келген жерде жүрек жалғауым мүмкін. Менің ақшамның бары белгілі бір орындарда тоқтап, тамақтанудың мүмкін еместігін білдірмейді. Мен қарапайым адаммын және мен кедей болып өстім. Мен ақшаға бола өзгеріп кете алмаймын. Бірақ, 15 қыркүйекте мен Головкинді жеңгеннен кейін ешкім бұл туралы айтпайтын болады», - деді «Канело» ReviewJournal.com-ға берген сұхбатында. 

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде