{metadescription}
Имам екі баласымен бірге суға ағып кетті

Имам екі баласымен бірге суға ағып кетті

ШҚО-ның Күршім ауданында имам 2 баласымен бірге суға кетті. 

Ол екі баласын құтқарам деп суға түскен. Боран ауылы имамының Қара Ертіске шомылып жүрген 8 жасар баласы қатты ағысқа төтеп бере алмай суға бата бастағанда, құтқаруға оның әкесі мен 19 жастағы ағасы суға секіреді. Куәгерлердің айтуынша, судың ағысына ересектер де төтеп бере алмаған. Салдарынан ауыл имамы екі баласымен бірге суға кеткен.

«Қазір тау өзендері тасып жатқандықтан, су лай, ағысы қатты. Өзен бойында иірімдер көп. Құтқарушылар марқұмдардың денесін моторлы қайықпен іздеп жатыр. Сүңгуірлер терең иірімдерге тап болуы мүмкін. Сондықтан іздеу жұмыстары асқан сақтықпен жүргізілуде», - дейді Шығыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағының бөлім бастығы Талғат Нұржанов.

Бүкіл ауыл жұрты қазір олардың денесін іздеуге ат салысып жатыр. Жалпы іздеу жұмыстарына 80 адам, 11 қайық жұмылдырылды.

 


 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.