{metadescription}
Шешесі стриптиз-клубта жүргенде екі жасар қызы аштан өлді

Шешесі стриптиз-клубта жүргенде екі жасар қызы аштан өлді

Американың Джорджия штатында шешесі стриптиз-клубта жүргенде екі жасар ұлы аштан өлді.

Дэвин Мун жергілікті түнгі клубта биші болып істейді. Ол жұмысын бітіріп, таңертең үйіне оралғанда екі жасар қызының өлі денесін тауып алды. Түнгі аусымнан оралған шешесі қызының төсегіне келіп қараса, ол тастай суық болып, демалмай, көгеріп жатыпты. Шешесі жедел жәрдем шақырады. Дәрігерлер тек қыздың өлгенін бекітіп, полиция шақырады. 

Рейганның (қыздың есімі) салмағы небәрі алты келі екен. Белгілі болғаны, ол туғаннан бері денсаулығын нашар болыпты - салмақ қоса алмаған. Ал шешесі бұған көңіл аудармаған.

Медиктер қыздың денесін сойып қараса, оның аштықтан өлгені анықталды. 

Дэвин клубта тұрақты жұмыс істеп келген. Көбінесе түнде істегендіктен, оның қызы жалғыз өзі үйде 10-12 сағат отырған. 

Қазір Дэвин қамауға алынды. Ол балаға қатыгездік танытқаны үшін деген баппен сотталатын болады. 

Фото: 11alive.com

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде