{metadescription}
Ақтауда қоқыс жәшігінен ер адамның денесі табылды

Ақтауда қоқыс жәшігінен ер адамның денесі табылды

28-шағынаудандағы тұрғын үйлердің бірінің алдына қойылған қоқыс жәшігінен ер адамның денесі табылды.

Деп xабарлайды ҚазАқпарат ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адамның денесін қоқыс жинаушы көліктің жүргізушісі жұмыс кезінде байқап қалған. Құқық қорғау органдарына жүргізуші қызмет ететін мекеменің мамандары xабарлаған. МО ІІБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталған. Ол уақытша тергеу абақтысында қамауда. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бап 1-тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ер адамның нақты неден қайтыс болғаны анықталуда.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.