{metadescription}
Түркістан облысында ауыл әкімі жоғалып кетті

Түркістан облысында ауыл әкімі жоғалып кетті

Шенеуніктер ұмыт қалдырған көше тұрғындары ауыл әкімін іздеп барды.

Өзі тұратын көшеге қонаққа шақыруға барғандар, лауазымды тұлғаның орнында жоқ болғанына шу шығарды. Қабылдап алған орынбасарына коммуналдық проблемаларын төтесінен қойды. Жол азабын тартып ашынған ағайын Қарасу ауылының әкімі Ербол Байырбековпен кездесуді асыға күтіп жүрген еді, іздеп таппай дал болды.

Сайрам ауданы, Қарасу ауылындағы тұрғындар үкіметтің көмегінен үміттерін үзген. Олар жалпыға ортақ коммунналдық мәселелерді өздері шешіп үйренген. Бірақ қайта-қайта қаржы жинап, асарлатуға кейбір көршілерінің шамасы жетпейтінін ашық айтады.

Осылай жоғын түгендеп жүргенде, «Сайрам Тазалық» мекемесінің қызметкерлері су құбырын жүргізу үшін көшелерді қазып, құрылыс жұмыстары біткен соң жолды жөндемей кеткен. Тұрғындар мұнан кейін де екінші рет ақша жинап жолға тас төсепті.

Мадина Ахметова, жергілікті тұрғын:

«Су жүргіземіз деп көшенің быт — шытын шығарды. Су құбырын жүргізбес бұрын көшемізге тас төселген еді. Кейін құбырды жүргізіп, су құбырын жүргізген компания көшемізді тас талқан етті».

Тас төселгенімен көшеде асыр салып ойнау мұңға айналған. Тіпті қиыр тастардан үлкендердің өзі әрең жүреді. Оны тегістеу көлігін шақыру қыруар қаржыны талап етеді.

Бұл көшеге жедел жәрдем көлігі де кіруді қойыпты. «Шақырту түскен үйге жаяулатып келуді дәрігерлер де үйреніп алды» дейді ашынған ағайын. Шыдамы таусылған тұрғындар қарашамен санаспайтын Қарасу ауылының әкімі Ербол Бекбердиевті арнайы іздеп барды. Бірақ, таппады. Оларды ауыл әкімінің орынбасары тыныштандыруға тырысты. Биыл тағы да жол жөнделмейтінін ашық айтты.

Шенеуніктің бұл сөзі халықтың көңілін көншітпеді. Ал ауыл басшысының өзін бүкіл аудан әкімішілігі болып іздеп, таба алмадық. Тек түстен кейін ауыл әкімі Ербол Бекбердиевтің аяқ асты ауырып, демалысқа шығып кеткенін естідік.

Дереккөз: Otyrar.kz 

 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.