{metadescription}
Мәйіттерді үш ай бойы балконда жасырып келген

Мәйіттерді үш ай бойы балконда жасырып келген

Ер адам отбасылық кикілжің барысында әйелі мен өгей қызын өлтіріп қойған.

Ресейде ер адам жанжал кезінде екі әйелді балғамен ұрып өлтірген. Содан кейін қаскөй қызы мен жиенінің неге жоғалып кеткенін сұраған енесіне үш ай бойы өтірік айтып, жауапкершіліктен қашып жүрген. 

Калуга облысында екі адамның өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Сотта белгілі болғандай, ер адам өзімен бірге тұратын 57 жастағы әйел мен оның бірінші некеден туған бойжеткен қызын айуандықпен өлтіргені белгілі болды. Ер адам өгей қызынан 50 мың рубль ұрлады деп күдіктенген. Ол алған жоқпын дейді, содан кейін қызға өгей әкесі күш қолданып, мойындатпақ болған.

"Отбасылық кикілжің барысында бірге тұратын ер мен әйелдің және қыздың арасында дау шығып, салдарынан ер адам әйелдерді балғамен аяусыз ұрған", — деп хабарлады  өңірлік тергеу комитетінің баспасөз қызметі.  

Қылмысын жасыру үшін ол қаза болғандардың мәйіттерін көрпеге орап, пәтердің балконына шығарып қойған. Онда мәйіттер үш ай – 26 сәуірге дейін жатқан. Қаскүнем осы уақыт ішінде үйге бірнеше рет келген азаматтық некедегі әйелінің анасын ақылға қонбайтын өтіріктер айтып, шығарып салып отырған. Өтірік айтудан жалықса керек, ақыр соңында енесінің қоңырауларына жауап бермей, есікті ашпай қойған.

Содан кейін ғана қария дабыл қағып, полицияға хабар береді.

"Тергеушілер аталған қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Айыпталушы кінәсін толығымен мойындады. Таяуда ер адам сот алдына барады", — деп түйіндеді ведомство.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.