{metadescription}
Әйел зейнетақы үшін өлген күйеуін үйде ұстап келген

Әйел зейнетақы үшін өлген күйеуін үйде ұстап келген

Екатеринбург тұрғыны қайтыс болған жұбайын жерлеудің орнына, оның денесін бірнеше ай бойы пәтерінде сақтап келген.

Көршілерінің айтуы бойынша, әйел күйеуінің атынан зейнетақы алып отырған.

Ер адамның қайтыс болғанына бірнеше ай болғандығы белгілі болды. Себебі пәтерден ұзақ уақыт бойы жағымсыз иіс шығып тұрған. Мумияға айналған мәйіт Куйбышев көшесіндегі үйдің ауласынан табылған.

Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, әйел мәйітті қоқысқа тастамақ болған, алайда діттеген жеріне жеткізе алмаған.

Екатеринбург бойынша ІІМБ ер адамның мумияға айналған мәйіті табылғанын растап, оның өлген уақыты мен себебін сарапшылар анықтау үстінде.

Отбасының таныстары ерлі-зайыптының ішімдікті жиі ішкенін, ал әйел кейде қайыр тілегенін мәлімдеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде