{metadescription}
Ер адам 7 жасар қызға үйленіп, екі жылдан соң өлтіріп тастаған

Ер адам 7 жасар қызға үйленіп, екі жылдан соң өлтіріп тастаған

Ата-анасы қарызын өтеу үшін қыз баланы 7 жасында тұрмысқа берген.

Ауғанстанның 9 жасар тұрғыны өз күйеуінің қолынан ажал құшты. Аяусыз өлтірілген бүлдіршінді 7 жасында ата-анасы 35 жастағы ер адамға күштеп тұрмысқа берген.

Самия өзін өлтірген Шарафуддин есімді азаматқа жеті жасында күйеуге шығыпты.

Бұл Ауғанстан заңнамасына қайшы келеді, өйткені заң бойынша қыздар үшін тұрмыс құру жасы – 16. Ер адамның қызды не үшін аяусыз өлтіргені әлі белгісіз – ол қылмыс жасағаннан кейін бірден қашып кеткен.

Қазір полиция Самияның әкесінен жауап алып жатыр. Оған қыз баланы күштеп тұрмысқа берді деген айып тағылған. Ер адам бастапқыда байырғы дәстүрге сүйеніп, қызын ұзатқанын алға тартса, кейіннен 7 жасар бүлдіршінді 13,5 долларға сатып жібергенін мойындапты. 

35 жастағы ер адам қыз баламен жыныстық қатынасқа түсті ме, жоқ па, әлі белгісіз. Қазір оны полиция іздеп жатыр.

Дереккөз: Sputnik

 

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде