{metadescription}
Бішкек-Ош жолындағы апаттан 4 адам көз жұмды

Бішкек-Ош жолындағы апаттан 4 адам көз жұмды

Бішкек-Ош тас жолында Mercedes-Benz пен Honda Accord автокөліктері соқтығысып, 4 адам қаза тапты.

Жол-көлік оқиғасы 4 тамызда шамамен таңғы 6:30-да болған.

ІІМ-нің алдын ала жасалған мәліметі бойынша,  Mercedes жүргізушісі қалғып кетіп, көлік жолдың қарама-қарсы бетіне шыққан.

Қайғылы оқиға салдарынан Mercedes автокөлігінің  4 жолаушысы ауыр жарақаттар алып, сол жерде қаза тапқан. Оқиға орнына келген көлік инспекциясының қызметкерлері Honda Accord-тың зардап шеккен екі жолаушысына көмек көрсетті. Олар жақын маңдағы медициналық жәрдем аупктіне жеткізілді.

Апат болған орында Джалал-Абад облысының ІІБ-ның жедел-тергеу тобы мен милиция қызметкерлері жұмыс жасауда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.