{metadescription}
ВИДЕО: Данияр Елеусінов жеңіске жетті

ВИДЕО: Данияр Елеусінов жеңіске жетті

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті.

Данияр Кардиффтегі (Уэльс) Ice Arena Wales алаңында мажарстандық Габор Горбичті (24-11, 14 КО) жеңді.

Жекпе-жек жоспарланған 6 раундқа созылды. Алғашқы сәттерден бастап-ақ басымдықты ұстаған Данияр соңғы сәттерге дейін қарсыласын қыспаққа алумен болды. Бесінші раунд аяқталар тұста отандасымыздың қабағы жарылып, жарақат алды. Жарақаты жекпе-жекті жалғастыруына кедергі болған жоқ. 6 жыл ішінде 35 жекпе-жек өткізген Габор да шыдап бақты. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша отандасымыз айқын жеңіске жетті.

Бұл Даниярдың кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісі.

Ал қарсыласы осымен 12 мәрте жеңілістің ащы дәмін татты. Еске сала кетсек, Д.Елеусінов 28 сәуірде профи-рингте алғаш рет қолғап түйістірді, ол жолы боксшы америкалық Ноа Кидті (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Кейін 6 маусымда Лондонда мажарлық Золтан Шабоны (25-12, 11 КО) ұтты.   

Видео авторы: sports.kz

Кеше

06 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде