{metadescription}
Екі қазақстандық қарсыластарын нокаутқа түсірді

Екі қазақстандық қарсыластарын нокаутқа түсірді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та өткен бокс кешінде доминикалық Джонатан Батистаны техникалық нокаутпен жеңді, ал Мадияр Әшкеев эквадорлық Эдуардо Флоресті мерзімінен бұрын жеңді.

Олар АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Атлантик-Сити қаласындағы бокс кешінің андеркартында өнер көрсетті.

Нұрсұлтанов - Батиста жекпе-жегі сегіз раундқа созылуы тиіс болған, алайда доминикалық боксшы үшінші раундта шаршы алаңға шығудан бас тартты. Оған дейін қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға жіберген, ал ысқырық шалынғаннан кейін олар ерегесіп өз бұрыштарына бірден кете қоймады.

Мадияр Әшкеев бірден өз басымдығын көрсете білді. Сөйтіп, төртінші раундта теxникалық нокаутпен жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы кәсіпқой бокстағы 10-шы жекпе-жегін ұтып отыр.

Ал Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы 8-ші жеңісін тойлап отыр. Оған қарсы доминикандық Хонатан Батиста (17-14, 10 КО) шықты. Мейірім Нұрсұлтанов екінші раундта Батистаны нокдаунға түсірді. Доминикандық боксшы үшінші раундтқа шығудан бас тартты. Осылайша, қазақстандық боксшы теxникалық нокатупен жеңіске жетті.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.