{metadescription}
ВИДЕО: Президентке қастандық жасалған сәт видеоға түсіп қалды

ВИДЕО: Президентке қастандық жасалған сәт видеоға түсіп қалды

Венесуэла президенті Николас Мадуроға қастандық жасалды.

Оқиға ұлттық боливариан гвардиясының құрылған күніне орайластырылған іс-шара кезінде болды.

Боливар даңғылындағы парад кезінде кенеттен жарылғыш зат салынған дрон пайда болып, жарылып кеткен. Елдің байланыс және ақпарат министрі  Хорхе Родригестің айтуынша, жеті әскери қызметкер жарақат алды. Мадуроның өзі зардап шеккен жоқ.  

RT телеарнасы мен Ruptly агенттігі қастандық болған сәтте түсірілген видеоны жариялады. Онда мемлекет басшысының оққағарлары жүгіріп келіп, оны жиналмалы қалқандармен қоршап алып, қауіпсіз жерге алып кеткені көрінеді. Осы кезде тағы бір жарылыстың дауысы естіледі.

Полициядағы дереккөз снайпер Мадуро сөйлеп тұрған жерге жақын ұшқан дрондардың бірін атып құлатқанын атап өтті.   

Президент халыққа үндеу жасап, жүзеге аспай қалған қастандыққа оңшыл оппозицияны, сондай-ақ Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантосты айыптады. Ал көрші елдің билігі барлық айыптауды жоққа шығарды.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

22 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.