{metadescription}
Кинотеатр әжетханасында 13 жасар қызды зорлап кетті

Кинотеатр әжетханасында 13 жасар қызды зорлап кетті

Бішкекте 2016 жылы 20 жастағы жігіт 13-тегі қызды кинотеатрда зорлап кеткен.

Бұл туралы енді ғана белгілі боп отыр. Бірақ тергеушілер бұл істі жылы жауып тастаған деп хабарлайды адвокат Арман Қайғыров.

Оқиға болған жылы жәбірленуші 13 жаста болған.

«Оқушы қыз Ыстық көлге демалысқа барған. Сосын қайтарда олар Бішкекте жиналып, кинотеатрға кіреді. Демалыс орнының тәрбиешісі қызды әжетханаға шақырып, сексуалдық іс-әрекеттер жасайды. Сосын қызды «бұл жайлы ешкімге айтпа» деп қорқытады», - дейді Қайғыров.

Анасы бұл жайлы 2018 жылдың наурызында білген. Ести салысымен олар дереу полиция бөлімшесіне барған. Адвокаттың айтуынша, Бішкектегі 1 май аудандық ішкі істер басқармасы істі жылы жауып тастап отыр.

«Полицейлер неге істі жауып тастағанын түсінбедім. Сараптама қорытындысы бар. Қыздың жалған сөйлеуі мүмкін емес. Милиция ештеңе істемей отыр. Тіпті күдіктіні де босатып жіберді», - дейді адвокат Қайғыров.

Дереккөз: sn.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.