{metadescription}
Лука Модрич Италияға ауысатын болды

Лука Модрич Италияға ауысатын болды

"Интер" клубының 32 жастағы ойыншыға қызығушылық танытқаны айтылады.

Футболдан Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич "Реал" басшылығына мадридтік клубтан кеткісі келетінін мәлімдеді.

Лука Модрич жаттығуға келуі тиіс болған, бірақ ол дайындыққа келмеген.

Сондай-ақ, Миланның "Интер" клубының 32 жастағы ойыншыға қызығушылық танытқаны айтылады. Басылымның мәліметінше, италиялық клуб футболшыға жылына 10 миллион еуро жалақы береміз деп ұсыныс жасап отыр. Алайда футболшы ол үшін 4 жылға келісімшартқа отыруы тиіс екен.

Айта кетейік, таяуда Криштиану Роналду да "Реал" командасынан Италияға ауысқан болатын. Ол "Ювентуспен" төрт жылға келісімшартқа отырды. Осылайша, оның жалақысы жылына 30 миллион еуроға жететін болады.

Дереккөз: vesti.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде