{metadescription}
ВИДЕО: Қапшағайда 2 жасөспірім мүгедек әйелді әбден қорлаған

ВИДЕО: Қапшағайда 2 жасөспірім мүгедек әйелді әбден қорлаған

Юлия Трофимова есімді Facebook қолданушысы Қапшағай қаласында осыдан бір күн болған оқиғаның видеосын жариялады.

Видеодан екі кішкентай бала мүгедек әйелді қорлағанын көруге болады.

Видеодағы жазбаға сәйкес, мүгедек әйел зейнетақысын алып, сол ақшаға өзіне сүт өнімдерін алған. Сатып алғанын балаларға ұсынады. Олар алғыс айтудың орнына сол өнімді әйелге шашады.

Балалардың әрекеті бейнекамераға түсіп қалған.

Желі қолданушыларының бірі балаларды кінәласа, енді бірі ата-анасын жауапқа тарту керек екенін айтады. Видеоны көргендер полиция балалар мен олардың ата-анасын тауып, айыппұл салу керек екенін және балаларға тәрбиелік мәндегі сабақ жүргізу керек екенін айтады.

Дереккөз: qamshy.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.