{metadescription}
ФОТО: Седов пен Әшірбаева допинг үшін спорттан шеттетілді

ФОТО: Седов пен Әшірбаева допинг үшін спорттан шеттетілді

Көркем гимнастшы Сабина Әшірбаева мен ауыратлет Владимир Седов дипнг сынамалары оң нәтиже көрсеткені үшін спорттан шеттетілді.

2017 жылы сәуір мен маусым аралығында Әшірбаева допинг сынамаларын тапсырғаннан кейін, оның қан құрамынан фуросемид, гидрохлортиазид және хлортиазид шыққан. Ол үшін спортшы екі жылға спорттан шеттетілді 2018 жыл 7 маусым - 2020 жыл 7 маусым.

19 жастағы Әшірбаева спорттық мансабында үш рет Азия чемпионы атанды, Азиада-2014 жарысында қола медаль, басқа Азия чемпионаттарында күміс және алты қола медальды иеленген. 2016 жылы гимнастшы қыз Олимпиада ойындарында бағын сынап көрді, ал келесі жылы Әлем кубогында екінші орын алды. 2018 жылы наурызда Әшірбаева спорттық мансабын аяқтап, Шымкентте Анна Алябьеваның мекстебінде бапкер қызметіне тағайындалды.

Владимир Седов Олимпиада-2008 жарысында допинг-сынамасының оң тәтиже көрсеткені үшін жазаланды. 2016 жылы маусымда оның қан құрамынан станазалол табылған еді. Ойындарда Седов төртінші орын алған еді, алайда Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) оның нәтижесн жоққа шығарды. Оны 2024 жылдың 1 тамызына дейін, яғни 8 жылға спорттан шеттеді.

Седов әлем біріншілігінде медальдың барлық түрін алды: алтын - 2009 жылы, күміс - 2014 жылы және қола - 2011 жылы. Ол екі рет Азия чепионы атанды - 2009 және 2011 жылдары.

Седов осымен екінші мәрте допинг үшін жазаланып отыр. Ол бұрындары 2006 жылмен 2008 аралығында рұқсат етілмеген препаратты қолданғаны үшін спорттан шеттетілген еді.

Дереккөз: Vesti.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде