{metadescription}
Анасы қызын картоп үшін педофильдерге сатқан

Анасы қызын картоп үшін педофильдерге сатқан

Диананы есірткіге тәуелді туған анасы аяусыз ұрып-соғып, тіпті педофильдерге сатқан.

Қапшағай қаласының тұрғыны Надежда Дина Смаилова атты адвокатқа хат жазып, 14 жастағы Дианаға көмек беруін сұрады.

Диананың анасы Надеждаға арызды қайтарып, ақша төлеген кезде ғана Диананы қамқорлығына беретінін айтқан.

Диананың денесінде 80-ге жуық тыртық бар және оған стоматолог пен хирург, психолог дәрігердің көмегі қажет.

Сонымен бірге полиция қызметкерлері Диананың анасын ата-аналық құқықтан шектемей отыр.

Участкелік полиция Диана тұрған үйге келіп тексерген кезде қызды шкафқа тығып қойған.

Диананың анасын ата-аналық құқықтан айырмайды, себебі оның тағы екі қызы бар. Үлкен қызы 17 жаста, 14 жасында бала туып қазір күйеуімен тұрып, анасымен бірге сол баласын асырап отыр.

Полицияның айтуынша, әлгі әйелді ата-аналық құқықтан айыра алмайды, себебі ол Дианадан басқа қыздарына жақсы қарайды екен. Полиция қызметкерлері Диананы туған анасына беруді талап етіп отыр екен. 

Дереккөз: qamshy.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.