{metadescription}
Астанада автобус жүргізушілері жұмыстан неге кетіп жатыр

Астанада автобус жүргізушілері жұмыстан неге кетіп жатыр

Астана LRT басшылығы автобус жүргізушілерінің жаппай жұмыстан шығуына қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Қазақпарат  хабарлайды.

«Барлық жүргізушілер жұмыстан жаппай кетіп жатыр деп айтпас едім. Кейбір автопарктерде автобус жүргізушілерінің жұмыстан шығу деректерінің болғаны рас. Штаттан тыс жұмыс істеген жүргізушілердің банкпен проблемалары болып, олар жалақыларын қолма қол алып жүрді. Қазір автопарктердің басшылары коллекторлық компаниялармен келіссөз жүргізіп, жүргізушілердің жалақысын көтеру және жұмыс кестесін қайта қарауды түсіндірді. Бірқатар автобус жүргізушілері жұмысқа қайта оралды, ал біразын біз оқытып резервке қойдық. Қазір жағдай бірқалыпты», -деп түсіндірді Астана LRT Басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Басқарма төрағасы автобус жүргізушілері жалақыларын 10 тамызға дейін алатынын айтты. Сонымен қатар, компания басшысы әлеуметтік желілердегі жүргізушілердің жаппай жұмыстан шығу туралы ақпардың негізсіз екенін тілге тиек етті. 

Астана LRT өкілі қала бойынша кейбір автобустардың жүру жиілігі уақытының әдеттегіден ұзақтауына байланысты да пікір білдірді.

«Иә, кейбір автобус маршруттары бойынша жүру жиілігінде уақыт жағынан кешігу бар. Ол туралы жолаушылардан шағым түсіруде, соған байланысты біз қазір жүру жиілігі ұзақ уақыт алған автобустарды жоспар бойынша №1 қалалық автопаркке берудеміз», - деді Б.Игенбердинов. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде