{metadescription}
Ювентус клубына ауысқан Роналду бос қақпаға гол сала алмады

Ювентус клубына ауысқан Роналду бос қақпаға гол сала алмады

Осы жәйттің видеосы клубтың Twitter желісіндегі аккаунтында жарияланды.

Туриндік "Ювентус" клубының қорғаушысы Даниэле Ругани команданың жаңа шабуылшысы Криштиану Роналдуға гол салғызбаудың ерекше әдісін ойлап тапты. Осы жәйттің видеосы клубтың Twitter желісіндегі аккаунтында жарияланды. 

Жаттығу ойыны кезінде португалиялық футболшы бос қақпаның алдында қалған. Осы кезде Ругани Роналдудың гол салып кетпесі үшін қақпаны орнынан қозғалтып, оған гол салуына жол бермеді. 

Роналдудың мадридтік клубтан кететіні туралы 10 шілдеде белгілі болды. "Ювентус" құрамында португалиялық футболшы жылына 30 миллион еуро табыс табатын болады.

Ол италиялық клубқа 100 миллион еуроға келді және қосымша 12 миллион еуро тағы төленеді. Роналду "Реал" сапында 2009 жылдан бері өнер көрсетіп келді. Осы уақыт ішінде ол 438 ойында 451 гол салыпең үздік сұрмерген атанды. Сондай-ақ ол төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.