{metadescription}
ВИДЕО: Аула сыпырушы Еуропаға жолдама алды

ВИДЕО: Аула сыпырушы Еуропаға жолдама алды

Украинаның Львов қаласында ауланы бар ыждаһатымен сыпырып, тұрғындардың алғысына бөленген еңбеккер Еуропаға жолдама ұтып алды.

Львов қаласының ең үздік аула сыпырушысы - Мирослав Новоставский. Күн сайын таңсәріде тұрып өз жұмысын жан-тәнімен беріліп істейді. Ол әр тұрғынды жақсы көңілмен қарсы алып, жылы сөзін аямайды. Оған бөлінген учаскеде көлденең ши жатпайды. Тап-таза. Тоғыз қабатты үйдің тұрғындары оянғанша, ол ілезде ауланы сыпырып, күнбағыстарды суарып қояды. 

Мирослав Новоставский, Львов қаласының үлгілі аула сыпырушысы:

"Такси жүргізушісі болып істейтін көршім ылғи таң қалып сұрайды: Осы сен  жалпы ұйықтайсың ба? Түнде келе жатсам аулада жүресің, таңертең тұсам, тағы көремін, демалмайсың ба? Ал мен түн жарымына дейін жұмыс істеп жүре беремін". 

Күнбағыс өсіп тұрған гүлзарлар, мұнтаздай жол. Ұлы Владимир көшесіндегі № 117 үйдің тұрғындары Мирославты жанындай жақсы көреді екен. Көршілері оның мінезіне сүйсінеді. Ол ешкіммен бет шайқасып ұрсысып көрген емес. 

Новоставскийдің төрт жылғы адал еңбегі ақыры ақталды. Биыл көктемде қала тұрғындары оны үздік аула сыпырушы атағына лайық деп тапты. 100 кандидаттың ішінен оқ бойы озық шыққан Мирослав қала мэрінің қолынан жолдама алды. 

Сөйтіп Мирослав өзінің 61-ші туған күнін зайыбы Аннамен бірге Чехияда өткізді.

Кеше

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде