{metadescription}
ВИДЕО: Қара теңізде ежелгі римдіктердің кемесі табылды

ВИДЕО: Қара теңізде ежелгі римдіктердің кемесі табылды

Қара теңізде, Севастополь маңында ежелгі римдіктер кемесінің қалдықтары табылды.

Кеме Балаклава ауданындағы теңіздің жағалауынан табылды. Мамандар оны біздің дәуірге дейінгі II-III ғасырға жатады деп болжап отыр. Оны сауда немесе жүк жеткізу үшін қолдануы мүмкін. 

Виктор Лебединский, экспедиция директоры:

"Біздің пайымдауымызша, табылған кеме "дөңгелек кемеге" жатады. Яғни ұзындығы мен жалпақтығы 1:4. Ол заманда жалпы, тек екі түрлі - ұзын немесе дөңгелек кемелер ғана болған". 

Кеменің "қаңқасын" табу оңай болған жоқ, - дейді экспедиция мүшесі, дайвер Павел Лапшин.

"Балаклава шығанағының кіреберісінде жатқанына қарамастан, ол алыс жер емес, бірақ оны күні-бүгінге дейін ешкім көрмеген, байқамаған. Өйткені ол өте тереңде жатыр - 85 метр. Сондай-ақ судың астындағы қысым да үлкен. Ол жерге кез келген дайвер сүңги бермейді. Ал зерттеу мақсатымен су астына түскен қиынның қияметі". 

Кеменің жасын анықтау да қиынға соқты. Бірақ оның астынан табылған зәкір үлкен мүмкіндік беріп отыр. Егер расталса, бұл кеме ерекше кеме болайын деп тұр. Рим дәуірінен қалған кемені бұған дейін ешкім Қырымда тапқан емес. 

Бірінші мыңжылдықта римдіктер Балаклава ауданындағы жерде тұрған. Бұл жерде бірқатар көне замандағы құрылыс нысандары сақталып қалған. Оның ішінде Юпитер ғибадатханасы мен легионерлер қазармасы бар. 

 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.