{metadescription}
Түнгі клубта чемпионды өлтіріп кетті

Түнгі клубта чемпионды өлтіріп кетті

Спортшы түңгі клубқа пышақ алып кірмек болып қайғылы жағдайға тап болды.

Ережесіз жекпе-жек чемпионы Өзбекстандық  25-жасар Джамшид Кенжаев аса ауыр жарақаттар салдарынан көз жұмды.

Оқыс оқиға 8 тамыздың 9-на қараған түні Ташкент қаласының Юнусабад ауданындағы "Аурум 898" клубында болған.

Түнгі клубқа пышақпен кірмек болған спортшы күзетшілермен жанжалдасып қалған. Салдарынан арты төбелеске жалғасып, спортшы аса ауыр пышақ жарақаттар салдарынан қайтыс болған.

Дшамшид Кенжаевты бірден ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Күзетшілер де жарақаттарымен ауруханға жатқызылды. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Джамшид Кенжаев бұрын еркін күреспен айналысып, Азия ойындарына қатысқан.

Қазіргі уақытта, Ташкент қаласында қажетті тергеу жұмыстары жүруде.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде