Лаңкес шіркеуде өзін жарып жіберді
Тәртіп сақшылары ел астанасы Каирдегі «Әулие Мария» шіркеуінде жарылыс ұйымдастырмақ болған содырдың жолын кесті.
12:40 12.08.2018
Бірақ ол ғимаратқа жетпей өзін жарып жіберді. Нәтижесінде лаңкестен басқа ешбір адам қаза тапқан жоқ.
Қазір жарылысты кімдер ұйымдастырмақ болғаны анықталып, тергеу жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, Мысырда 2017 жылы сәуір айында христиан шіркеулеріне бірнеше рет шабуыл жасалғаннан кейін төтенше жағдай тәртібі енгізілген болатын. Содан бері мемлекеттегі барлық діни нысандар қатаң бақылауға алынған. Бұл ғимараттарға қарулы күзет қойылып, ішке кіретін адамдар мұқият тексеріледі.
Деерккөз: 24.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!