{metadescription}
Өгей ұлын балтамен шауып, жертөлеге көміп тастаған

Өгей ұлын балтамен шауып, жертөлеге көміп тастаған

Ресейдің Кемерово облысында 37 жастағы әкесі 28 жастағы өгей ұлын балтамен шауып өлтіріп, жертөлеге көміп тастапты.

Бұл туралы аймақтық РФ тергеу комитеті хабарлайды. 

Ер адам көңілдес әйелмен бірге тұрған. Әйелдің 28 жастағы ұлы жиі арақ ішіп, туыстарымен жанжал шығарып отырған. 

"Ұлы удай мас болғанын көріп, оның ұйықтағанын күткен. Қатты ұйқыға кеткенде басынан балтамен екі рет қатты ұрған, сол кезде ол тіл тартпай кеткен, — деп жазылған хабарламада. 

Қылмыс болып жатқанда ұлдың шешесі көрші бөлмеде болған. Еркек ұлының денесін жертөлеге сүйреп апарып, сол жерде көміп тастаған. Сосын матрасын өртеп, қабырғаны бояп, жерге шашыраған қанды жуған. Болған жәйтті ұлдың анасына айтқанда, ол полицияға хабарламаған. 

Құқыққорғаушылар бұл жайтты қылмыс жасаған адам танысына айтқанынан білген. Полиция мәліметті тексеріп, ер адам қылмысын мойындады. Қазір күдікті қамауға алынып, қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде