{metadescription}
Алматыда футзалдан Әлем Чемпионаты өтеді

Алматыда футзалдан Әлем Чемпионаты өтеді

19-26 тамыз аралығында Алматы студенттер арасында футзалдан Әлем Чемпионатын қабылдайды.

ТМД аумағында алғаш рет өткізіліп отырған жарысқа 16 ерлер, 9 әйелдер командасы қатысады.

Бұған дейін, студенттер арасында футзалдан Әлем Чемпионаты Бразилия, Португалия, Испания, Италия, Финляндия, Венгрия, Польша, Словения, Сербия және Кипр елдерінде ұйымдастырылды. 

Чемпионаттың ойындары Алматы қаласындағы «Almaty Arena» және «Halyk Arena» спорт кешендерінде өтеді. Финал 26 тамыз күні «Almaty Arena» спорт кешеніне жоспарланған.

Футзалдан Қазақстан ұлттық студенттер құрамасы.

Қақпашылар: Нұрәлем Байдолла, Асылжан Алин.

Алаңдағы ойыншылар: Ұлан Жақсылықов, Ерсүлтан Сағындықов, Ақжол Дәрібай, Антон Рындин, Біржан Оразов (к), Арнольд Кнауб, Ақеділ Мадияров, Дәурен Тұрсағұлов, Владислав Черномордов, Болат Сарбасов, Нұрабек Қабылбаев, Шыңғыс Барашев.

Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Күлбарақов, Жақсылық Байсариев.

Футзалдан Қазақстан қыздар құрамасы

Қақпашылар: Замира Қонаева, Виолетта Яковлева, Юлия Васильева.

Алаңдағы ойыншылар: Рамина Мамедова (к), Кристина Федякина, Ольга Огай, Жансая Әубәкір, Әлия Сәдуақасова, Данира Алканова, Ксенья Хайрулина, Анель Елеусізова, Камал Құдайбергенова, Зулейра Әбішева, Әсем Қаражанова.

Жаттықтырушылар штабы: Анатолий Оденцов, Николай Бочарников.

Дереккөз: SPORTINFORM

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде