{metadescription}
Футболшыларды сатып, ешкілерді сатып алды

Футболшыларды сатып, ешкілерді сатып алды

Түркиялық "Гулспор" клубы жастар құрамасының 18 ойыншысын сатып, олардың орнына он шақты ешкі сатып алған. 

Дереккөз мәліметінше, клуб басшылығы сүт сатып бес мың түркиялық лир (727,8 еуро) табыс таппақшы. Түскен табыстың барлығы клубтың шығындарына жұмсалады. 

"Гулспор" президенті Кэнан Бьюклебеб CNN арнасына берген сұхбатында, бұл әрекетке команда үшін барғанын айтады. "Бізде табыс мол болады. Команда үшін істедік, сондай-ақ елге де пайдамыз тиеді", - деді ол. 

18 футболшыны сатудан 15 мың лир (2,2 мың еуро табыс түскен). "Гулспор" Түркияның ең төменгі дивизиондарында өнер көрсетеді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде