{metadescription}
Оқушылар мен студенттерге құшақтасуға тыйым салынды

Оқушылар мен студенттерге құшақтасуға тыйым салынды

Таиландта ерлі-зайыптылардың өзі көпшілік жерде құшақтаспауға, сүйіспеуге тырысады.

Таиланд министрлер кабинеті оқушылардың тәртібіне қатысты жаңа өзгерістер енгізді. Бұл туралы Nation газетінің интернет нұсқасы жазды.

Басылым Таиланд Қызыл Крест жастар қозғалысы және оқушылар ісі бойынша мемлекеттік бюроның директоры Варат Прыаксакуннанның сұхбатынан үзінді келтірді. Оның айтуынша, жігіттер мен қыздардың бет сүйісіп көрісуі, құшақтасуы көзге оғаш болып көрінеді. Яғни оқушылар осы кезде оғаш әрекеттер жасайды. Шенеунік, сондай-ақ, осы сұхбатында Әулие Валентин күнін атап өту кезінде де тәртіп қадағалануы тиіс екенін айтып өтті. 

Таиландта ерлі-зайыптылардың өзі көпшілік жерде құшақтаспауға, сүйіспеуге тырысады. Әрі кетсе тек қол ұстасып жүре алады. Десе де, бұл жазылмаған ереже көбінесе ауылды елдімекендерде ғана сақталады. Ал қалалық аймақтарда еркіндікке жол береді. 

Бұл ережелер арнайы Royal Government Gazette басылымында жарияланған соң заңды күшіне енетін болады. 

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде