{metadescription}
«Кел, келінім!» реалити-шоуының екінші маусымы көрерменге жол тартады

«Кел, келінім!» реалити-шоуының екінші маусымы көрерменге жол тартады

20 тамыздан бастап «Кел, келінім» реалити-шоуының екінші маусымын сағат 15:00-де  КТК арнасынан тамашалай аласыз.

«Кел, келінім» жобасы үлкен талқыға түсіп, көрермендер назарын аудартқан бағдарлама.

Бағдарлама реалити-шоу болғандықтан әрбір қатысушының мінез-құлқы эфирден бүкпесіз беріледі.

Бойжеткен болашақ жарының көңілінен шығуға барын салады. Бұл оңайға соқпасы анық. Себебі әр бойдақ жігіттің артында арыстандай анасы тұр. Болашақ енесінің көңілінен шыға білу оңай шаруа емесі анық.

Жобаның мақсаты елдің екі көзін шарасынан шығарып еңкілдеп жылату емес немесе еңсесін көтеру де емес. Мақсат - екі жас бір-бірін тауып, қыз болашақ енесінің көңілінен шықса,  үйлендіру. Екі жартыны бір бүтін ету.

Екінші маусымда эфирді танымал актриса Жанель Мақажан тізгіндейтін болады. Бұдан бөлек жаңа маусым жаңалықтарға, тосын сыймен қызықтарға толы болары сөзсіз.

Қызықтан құр қалмаңыз. КТК арнасымен бірге болыңыздар!

«Кел, келінім» реалити-шоуының бірінші маусымының шығарылымдарын мына жерден қараңыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде