{metadescription}
Қазақ жігіті рекорд орнату үшін үш тәулік ұйықтамады

Қазақ жігіті рекорд орнату үшін үш тәулік ұйықтамады

Алматы облысының тұрғыны бес жасынан тоқыма тоқумен айналысады және бұл ерлердің ісі емес дейтіндермен келіспейді.

Алматы облысы Райымбек ауданының тұрғыны Нұрлан Жартыбеков 72 сағат ішінде үзіліссіз ені 30 см, ұзындығы 43 метр болатын мойынорағыш тоқып шықты. 

Қазақстан рекордтар кітабына рекордтарды тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Тастүлеков Нұрланға 72 сағат ішінде тоқыма тоқып, Қазақстан рекордтар кітабына кіргені туралы сертификатты тапсырды.  

"Ата-анамның айтуынша, бес жасымнан тоқуды үйреніппін. Көпшілік мұны ерлердің ісі емес деп ойлауы мүмкін, алайда ең бастысы бұл өзіме ұнайды. Мен көзді байлап тоқудан Қазақстан рекордын орнаттым, енді үзіліссіз үш тәулік тоқыма тоқып, Қазақстан рекордын жаңартып отырмын", — дейді Жартыбеков.

Ол Бразилияда орнатылған әлемдік рекорд туралы айтып берді – онда ер адам 64 сағат бойы ілгекпен тоқыған. Ал Нұрлан Жартыбеков 72 сағат тоқығандықтан, ол әлемдік рекордты да жаңартқан болуы мүмкін.    

Дереккөз: Sputnik

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде