{metadescription}
Нурмагомедов пен Макгрегор жекпе-жегінің билеттері 3 минутта сатылып кеткен

Нурмагомедов пен Макгрегор жекпе-жегінің билеттері 3 минутта сатылып кеткен

Турнир өтетін аренада 20 мың адамға орын бар.

UFC229 турнирінің шеңберінде өтетін ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен ирландиялық Коннор Макгрегор арасындағы жекпе-жектің билеттері үш минуттың ішінде сатылып кеткен.

UFC тамыздың басында Нурмагомедов пен Макгрегор арасындағы жекпе-жектің 6 қазанда Лас-Вегас қаласында (АҚШ) өтетінін хабарлады. Ресейлік боксшы жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы деген белдігін қорғайды. Билеттердің құны 205-2505 доллар аралығында.

Турнир өтетін аренада 20 мың адамға орын бар. 

Айта кетейік, Нурмагомедов 26 кездесу өткізіп, 26 рет жеңіске жеткен. Ол - жеңіл салмақта UFC чемпионы. Макгрегор - жартылай жеңіл және жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы. Оның қоржынында 21 жеңіс пен үш жеңіліс бар.

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде