{metadescription}
Павлодар облысында тәрбиеші баланы соққыға жықты

Павлодар облысында тәрбиеші баланы соққыға жықты

Павлодар облысында балабақша тәрбиеші 3 жасар баланы соққыға жыққаны үшін тергеуге алынды.

Оқиға Ақсудағы балабақшалардың бірінде орын алған.

Болған жайттың барлығы бақылау камерасына түсіп қалған.

Баланың ата-анасы тәрбиешінің үстінен полицияға арыз жазған. Баланың анасының айтуынша, ол ұлын балабақшадан алғаннан кейін оның кеңсірігінен қанды ісікті көрген.

Видеода көрсетілгендей педагог оның баласын еденге лақтырып, тепкен. Оны көрген өзге балалар да оны тепкен.
Болған іске қатысты ҚР ҚК 141-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.