{metadescription}
Су тасқынынан 324 адам опат болды

Су тасқынынан 324 адам опат болды

Үндістандағы Керала штатында осымен екі апта бойы топан су басуда. Табиғи апат туралы ресми түрде 8 тамызда хабарланған болатын. Бұл 100 жылдағы ең жойқын су тасқыны. 324 адам қаза тапты, 223 мың азамат уақытша орналастыру лагерлеріне эвакуацияланды. Атап өтсек, Үндістанда жаңбырлы мезгіл маусым айында басталып, қыркүйектің соңына дейін созылады. Осыған дейін қаза тапқандар саны 67 адамға жетті деп хабарлаған болатынбыз.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде