{metadescription}
Азия ойындарында алғашқы алтынға ие болдық

Азия ойындарында алғашқы алтынға ие болдық

Қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин Азия ойындарының жеңімпазы атанды.

Бүгін Иондонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында жазғы Азия ойындары басталды. Қазақстан құрамасының қоржынына түскен алғашқы жүлде алтын болды.

Қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Отандасымыз финалда Рио Олимпиадасының чемпионы Сан Ен Пакты жеңді. Дмитрий үш кезең бойы есепте алды тұрды. Дегенмен соңғы кезеңде Олимпиада чемпионы біздің спортшыны қуып жетті. Соңғы секундтарда сәтті шабуыл жасаған Алексанин Азиаданың чемпионы атанды. Қорытынды есеп - 15:12.

Еске сала кетейік, Дмитрий Алексанин жартылай финалда Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Джунг Джинсуннан басым түскен болатын.

Дереккөз: vesti.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде