{metadescription}
ФОТО: 60 жылдан кейін апалы-сіңлілер бірін-бірі тапты

ФОТО: 60 жылдан кейін апалы-сіңлілер бірін-бірі тапты

Генеалогиялық сайттың көмегімен апалы-сіңлілілер 60 жылдан кейін бірін-бірі тапты.

Іздеуге отыз жыл кеткен. ДНҚ тестілеуінің арқасында ақыры туыстар қауышты.

Канадада туған кезінде отбасынан ажырап қалған қыздарды генеалогиялық сайт тауып беріп отыр, деп хабарлайды CTV News.

1951 жылы Су-Лукаут қаласы Онтарио провинциясының тұрғыны 19 жастағы Нора Росс Моннреаль перзентханасында қыз баланы дүниеге әкеліп, нәрестесін асырауға беріп, үйіне оралған.

Туысқандары оның жүкті екенінне бейхабар болған. Нора кейін тұрмысқа шығып, Виннипег қаласына көшіп келіп, үш қыз баланы босанған. Қыздарына тұңғыш баласы туралы тіс жармапты. Росс 1981 жылы қатерлі ісіктен дүние салды. 

Он жыл өткен соң, Нораның қазасынан кейін оның әпкесі жиендеріне тұңғыш қыз туралы айтып береді. Оның бар білген ақпары: 1951 жыл, Монреаль, қараша айы.

Содан бастап үш әйел үлкен әпкелерін іздей бастайды. Мұрағат жабық болды. 2018 жылы Гвен Росс-Цислак, қыздардың біреуі генеалогиялық сайттың көмегімен ДНҚ тестілеуін өтеді. 

Нәтижесі шыққанда Лонитай Стюарт есімді адаммен қандас екені белгілі болады. Ол Онтарио провинциясында тұрады екен.

Росс-Цислак пен оның әпкесі Линн Стюартпен байланысқа шығады. Ол ақпарды растайды. 

Сөйтіп 14 тамызда 66 жастағы Стюарт өзінің екі туған әпкесімен кездесті. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде