{metadescription}
ВИДЕО: Якутск тұрғыны мамонт жүнінен тігілген малақай сатып жүр

ВИДЕО: Якутск тұрғыны мамонт жүнінен тігілген малақай сатып жүр

Якутск тұрғыны мамонт жүнінен тігілген малақай сатып жүр.

Мамонтттың жүнінен жасалған "ежелгі" малақай. Сатушы Владимир Аммосовтың айтуынша, бұл материалды осыдан 10 жыл бұрын солтүстік өңірден досы әкеліп берген. Досы сол жақта мамонттың қалдықтары табылғанын айтқан. Владимир бұл құнды материалды жылқының жалынан малақай тігетін шеберге беріпті. 

Владимир Аммосов, Якутск тұрғыны:

"Жүні Усть-Янский ауданы Казачье ауылынан. Досым сол жаққа барған. Дорбаға салынған жүн әкелді. Маған көрсетіп: мамонттың жүні деді. Неге малақай тігіп алмасқа деген ой келді".

Тікенек малақайды әзірге ешкім алғысы жоқ. Бірақ Аммосов сатқысы келеді, 10 мың доллар сұрап отыр. 

Якутия аумағында ежелгі дәуірдің аңдарының 80 пайызы кездеседі, қалдықтары көп-ақ.

Ал малақай нағыз мамонтттың жүнінен жасалғанын жергілікті Мамонттар музейі растап берді.

Сонымен бірге арнайы сертификат беріпті. Дегенмен ғалымдар арктикалық түлкі мен бұғының жүнінен тігілген малақай әлдеқайда тиімдірек болушы еді дейді. 

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде