{metadescription}
Азиада-2018: Қазақстандық балуан қыз финалға шықты

Азиада-2018: Қазақстандық балуан қыз финалға шықты

Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында әйелдер күресінен қазақстандық балуан  Жұлдыз Ешімова финалға шықты.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жұлдыз Ешімова жартылай финалда моңғолиялық балуанды 12:11 есебімен ұтып, финалға шықты.

Енді ол Азия ойындарының алтын медалі үшін сынға түседі.

Алғашқы айналымдарда Жұлдыз Оңтүстік Корея және Таиланд қыздарынан басым болған еді.

Финалда қазақстандық спортшы Солтүстік Корея өкілі Пак Юнг Мимен белдеседі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.