{metadescription}
Педагог-әке 14 жастағы ұлын сабап ауруханаға түсірді

Педагог-әке 14 жастағы ұлын сабап ауруханаға түсірді

Мәскеуде педагог-әке жасөспірім ұлын сабап ауруханаға түсірді.

Анасының айтуынша, күйеуі кәмелетке толмаған баланы "әлеуметке қарсы тәртібі" үшін сабаған.

Мәскеуде 14 жасар бала жаман тәртібі үшін әкесінен таяқ жеп, аурухананың хирургиялық бөліміне түсті. Ол санынан жарақат алып, арқасы зақымданған. Бұл туралы "Москва" агенттігі жазады. 

Оқиға 19-шы тамызда Федератив даңғылындағы көппәтерді үйде болған. Баланың анасы 42 жастағы күйеуінің әрекетін ұлын "әлеуметке қарсы тәртібі" үшін тәрбиелемек болды деп түсіндірді. 

Көршілерінің айтуынша, олар берекелі отбасынан. Соққы алған баланың анасы оқытушы, ал әкесі математика пәнінен репетитор екен.

Болған факті бойынша тексеру жүргізілуде. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде